Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты

Айдан Сүлейменова Ресей азаматтығынан бас тартты
ayala.kz
558

1 шілдеде Путин «Ресей Федерациясының азаматтығын беру және одан айыру туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта ресейлік паспорттан бас тартқандардың арасында Сүлейменова да өтініш берген.

Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтың қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.

«Ресей Федерациясының азаматтығынан бас тарту туралы келесі тұлғалардың өтініші қанағаттандырылсын: 4) Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова 1968 жылы 4 сәуірде Қазақстанда дүниеге келген», - делінген жарлықта.

Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі. Ол арқылы жұбайы Құлыбаевтармен бірге астанадағы Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді.

2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты жалға берушілер рейтингінде сегізінші орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары