«Ішінде балалар болған»: Ақтөбеде азық-түлік дүкені өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

«Ішінде балалар болған»: Ақтөбеде азық-түлік дүкені өртенді
istockphoto.com
352

Ақтөбе қаласынағы дүкеннен өрт шықты.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары