486
Қызылордада 4 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда қаласында төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлады, деп жазды turkystan.kz.
"Оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болды. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.