«Аяғы көгеріп кеткен»: Оралдағы өзенде шомылған 12 жастағы бала қаза тапты

Қайғылы оқиға 4 шілде күні Дерқұл ауылында болды.

«Аяғы көгеріп кеткен»: Оралдағы өзенде шомылған 12 жастағы бала қаза тапты
mgorod.kz/Мирамгуль Есетова
25772

Оралда 12 жастағы баланы су тартуға арналған сорғы тартып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиға 4 шілде күні Дерқұл ауылында болды. 12 жастағы Аман Сейфолла нағашы ағасымен Дерқұл өзеніне шомылуға барған. Шомылып жүрген баланы өзен жағасында тұрған суаруға арналған сорғы тартып кеткен.

«Жағаға жақын маңда суаруға арналған сорғы жұмыс істеп тұрған. Сорғының кімдікі екені, кім қойғанын білмеймін. Жұмыс істеп тұрған сорғы Аманның сол аяғын жамбасына дейін сорып алған. Құрылғыда сүзгі болмаған. Ешкім қадағаламаған, жай қосып, кетіп қалған. Куәгерлер ұлымды құтқара алмады. Ұлымды судан шығара алмадық. Ер адамдар оның басын судан шығарып ұстап тұрған. Құтқарушылар келіп, құбырды кесіп, Аманды құбырмен бірге судан шығарды. Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмады. Суды көп жұтып қойған, аузынан көбік шығып жатты, аяғы көгеріп кеткен», – дейді марқұмның анасы Мирамгүл Есетова.

Анасы болған жағдай туралы жиенінен естіген. Әйел сол жерге жүгіріп барғанымен, адамдар оны суға жақындатпаған. Осылайша әйел жағада бір сағатқа жуық тұрыпты. Содан кейін ғана адамдар баланың денесін судан алып шыққан.

«Бұл сорғы ештеңемен қоршалмаған және жағаға жақын орнатылған. Менің баламның орнында шомылып жүрген кез келген адам болуы мүмкін еді. Қазір бәрі менің балам кінәлі деп шығарғысы келеді. Мұндай қайғы ешкімнің басына түскенін қаламаймын. Кінәлілердің табылып, жазалануын, мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбауын талап етемін», – дейді Мирамгүл Есетова.

Серіктес жаңалықтары