Маңғыстауда тұрғындар аспанда ерекше құбылысты байқады (ФОТО)

Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін екенін жазған.

Маңғыстауда тұрғындар аспанда ерекше құбылысты байқады (ФОТО)
Lada.kz
779

Маңғыстауда 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні аспаннан жарқыраған нысан байқалды. Өңір тұрғындары айналасында шеңберлері бар ерекше құбылысты суретке түсіріп алған, деп хабарлады  turkystan.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 9 шілде кешке Ресейдің бірнеше аймағы мен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да әлеуметтік желілерде ерекше құбылыстың фотосуреттерін жаппай тарата бастаған. 

Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін екенін жазған. 

Ariane жеңіл француз зымыраны 9 шілде кешке алғашқы ұшуын сәтті орындады.

 

Серіктес жаңалықтары