«Ұлағатты ұстаз» медаль иесі»: Арықтаймын деп ота жасатқан мұғалім қайтыс болды

Марқұмның артында 2 баласы қалған.

«Ұлағатты ұстаз» медаль иесі»: Арықтаймын деп ота жасатқан мұғалім қайтыс болды
instagram/gulmir_ktk
8013

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парқшасында «арықтағысы келген әйел ажал құшқаны» туралы ақпарат жариялады.

Оның сөзінше, марқұмның артында 2 баласы қалған.

«Арықтаймын деп ажал құшты. Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады. Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды», - деді журналист.

Сондай-ақ қайтыс болған әйел ұзақ жыл мектепте қызмет еткен мұғалім болып шықты.

«25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм «Ұлағатты ұстаз» деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай?» - деді Гүлмира Әбіқай.

Серіктес жаңалықтары