Ақмола облысында ер адам әжесінің қазасын жасырғаны үшін 3 жылға сотталды

Зейнеткердің немересі 4 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырып, мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген.

Ақмола облысында ер адам әжесінің қазасын жасырғаны үшін 3 жылға сотталды
istockphoto.com
554

Ақмола облысы прокуратурасы Зеренді ауданында зейнеткердің қаражатын ұрлау дерегін анықтап, іс қозғады.

Зеренді ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша зейнетақы қаражатын ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін талдау барысында 2021 жылы Зеренді ауылында 1937 жылы туған зейнеткердің өз кезегінде марқұмның немересі оның зейнетақылық банк картасын қасақана иемденіп алғаны анықталды. Пайдакүнемдік себептермен, жеке басын байыту мақсатында уәкілетті органдардан қайтыс болу фактісін жасырып, марқұмның банк картасын пайдаланып, зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлап отырған», – делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес, зейнеткердің немересі 4 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырып, мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген.

«Аталған факті бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау немесе құқықты иемдену») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Зеренді аудандық сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді және айыппұл төлейді», – деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары