1596
"Халқым қол жайып отырғанда": Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік әперген Мадина Садуақасованы сынға алды
Ол өз пікірін әлеуметтік желілерде жариялаған.
Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік әперген Мадина Садуақасованы сынға алды. Ол өз пікірін әлеуметтік желілерде жариялаған.
“Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүрген. Бір көше жетпей тоқтап, жаяу қатынапты. Маған да, “Мама, машинаны инстаграмға салмашы” дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ”, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Естеріңізге сала кетейік, танымал әнші Мадина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына жаңа көлік сыйлаған болатын.