Президент Туризм және спорт министрін қабылдады

️Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
Akorda

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Ермек Маржықпаев:

ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:
– төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
– Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды. 
ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.

️Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.