463
Қостанай облысында 25 тонна шөп тиелген жүк көліктер өртеніп кетті
ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метр.
Бүгін түнде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тасжолында 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігін от шалды.
ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
«Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз» деп ескертеді ведомстводан.