Атырауда ескерткіш басып қалған қыз: Полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы аталмыш оқиғаға қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Атырауда ескерткіш басып қалған қыз: Полиция куәгерлерді іздеп жатыр
instagram/police.atyrau
390

Атырауда 7 жастағы баланы ескерткіш басып қалған болатын. Оқиға салдарынан қыз ауруханада қайтыс болды. 

Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Атырау қаласы Авангард-3 шағынауданындағы Жеңіс саябағы ішіндегі ескерткіш құлаған оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін 25 маусымда кешкі мезгілде болған қылмыстық құқық ұзушылықты көрген, құлаған ескерткішті көтеруге жәрдемдескен тұлғаларды Атырау қаласы, Абулхайырхан даңғылы, №55 (кабинет №329) мекен-жайында орналасқан тергеу басқармасына жүгінуді немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда 7 жастағы баланың үстіне ескерткіш құлап кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Серіктес жаңалықтары