Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың жазған хаттарын жариялады

Хат Жаңа жыл қарсаңында 2002 жылы жазылған.

Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың жазған хаттарын жариялады
instagram/zhunusova.makpal
480

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың тұңғышы Мерейге жазған хатын жария етті. Өнер иесі естелік суреттер мен хаттың суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салды.

Хат Жаңа жыл қарсаңында 2002 жылы жазылған.

Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей! Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар - мамаң Мақпал, папаң Заманбек.
31.12.2002-1.01.2003 жылға, - деп жазылған хатта.

Заманбек Нұрқаділов қызынан бөлек Мақпал Жүнісованы да Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, хат жазған.

Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты, 
Ең сүйкімді де, сүйікті қызым - Мерейдің ең сұлу да, ең көркем мамасы Жануля!
Періште тәрізді нәзік мінезді тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға  мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік. Өзіңізді пәк сүйетін азда-көпті жұмсақ аялайтын, құдай қосқан жарыңыз, Закуша.
31.12.2002 - 1.01.2003, - деп жазылған хатта.

Серіктес жаңалықтары