Гурбангулы Бердімұхамедов Астанаға келді

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамуда.

Гурбангулы Бердімұхамедов Астанаға келді
Үкімет
804

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді. Әуежайда түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады, ол «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамуда. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі $563 млн құрады, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, $167,8 млн-ға жетті. 

Серіктес жаңалықтары