ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйға берілді

Бұған дейін оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйға берілді
скриншот
332

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, 140 балл жинаған Еңсебек Жаннұрға көлік тарту етілді.

Еңсебек Жаннұр қуанышты хабарын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оған көлікті «Juz40» білім беру орталығы сыйға тарту еткен.

«Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға «Juz40»  білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. «Hyundai Sonata» автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет», - деді ол. 

Бұған дейін оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.

«Тапсыратын түні мүлде ұйықтай алмадым. Сосын тестілеу орталығына барғанда барлық сұрақтар оңай болып көрінді. Екі сағаттың ішінде барлық сұраққа жауап беріп үлгердім. Қалған бір жарым сағат жауаптарды тексеруге кетті. 140 балл жинағанымды көргенде қуанышымда шек болған жоқ», – дейді Жаннұр.

Оқушының айтуынша, ол күн сайын математика мен информатика есептерін шығару бойынша 6-8 сағат жұмсаған.

Жаннұр қазір университет таңдап жатқанын айтады. Табысты оқушы IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары