Павлодардағы балабақша тәрбиешісі балаларды ұрған
Білім беру басқармасы тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
Келеңсіз жағдай ата-аналар бейнебақылау камераларының жазбаларын көргісі келген кезде анықталды. Видеода тәрбиеші балаларға дөрекілік танытып, итеріп, басынан ұрғаны көрсетілген, деп хабарлады turkystan.kz Павлодар-онлайнға сілтеме жасап.
Білім беру басқармасы тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.
«1 шілдеде Павлодар қаласындағы №79 балабақшасының ортаңғы топ ата-аналары бейнебақылау камераларын көруге рұқсат сұрап, балабақша жетекшісінің міндетін атқарушыға жүгінді. Бейнежазбаларды қарау барысында тәрбиешінің балаларға дөрекілік көрсеткені анықталды. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, осы оқиға бойынша тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады қалалық білім беру бөлімі.
Бүгінде материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.
Еске сала кетейік, бұл Павлодардағы балабақшаларда балаларға қатысты мұндай оқиғалардың алғашқысы емес. Маусым айында Павлодар қаласындағы №16 балабақшасында шу шыққан. Бейнебақылау камераларының жазбаларында ата-аналар тәрбиешінің екі жасар балалардың басынан ұрғанын көрген. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды қолымен ғана емес, тіпті ыдыспен де ұрған.