Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов көз жұмды

Бұл туралы оның жұбайы Наталья мәлімдеді.

Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов көз жұмды
Aidos Sadykov / X

Украинаның Киев қаласында қастандық жасалған қазақстандық журналист Айдос Садықов түнде ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы оның жұбайы Наталья мәлімдеді.

Еске салсақ, Садықов 18 маусымда Киевте атылды, сол сәттен бастап ол реанимацияда жатты. Украинада журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталды. Екеуі де Қазақстан азаматы.

Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие.