«Менің де дәуренім өтпелі»: Димаш Құдайберген күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші Димаш Құдайберген Алматы қаласында өткен «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумына қатысты.

«Менің де дәуренім өтпелі»: Димаш Құдайберген күтпеген мәлімдеме жасады
Сурет: Димаша Құдайбергеннің ресми сайтынан алынды
912

Форум барысында әлемге танымал әнші алдағы жоспарларымен де бөлісті, деп жазды turkystan.kz.

«Алдағы жылдары үлкен жобаларды қолға аламын. Мен қазір мүмкіндіктерімді тиімді пайдаланғым келеді. Халықаралық аренаға қазақтын ұл-қыздарын шығарсам деймін. Барынша қолдап, жол сілтеп, мықты менеджерлермен таныстырып, үлкен агенттерге көрсетіп, жол салып бергім келеді. Менің де дәуренім өтпелі. Бұл күн бүгін бар, ертең жоқ. Сондықтан қазаққа қазақтың мүддесі үшін пайдамды тигізе алсам одан басқа менің арманым жоқ. Мен 5 жасымнан бастап музыкадан дәріс алып келе жатырмын. Биыл докторлық дәрежемді қорғаймын. Жинаған тәжірбиемді үлкен әнші болуды армандап жүрген жас жеткіншектермен бөліскім келеді», – деді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары