Президент Қазақстан-Қытай арасындағы бірқатар құжатқа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қазақстан-Қытай арасындағы бірқатар құжатқа қол қойды
Сурет: Ақорда
821

2024 жылдың 1 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазды turkystan.kz.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары