23 қазанда Алматы – Өскемен автожолының 1600-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы Renault Griis маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолда мұқият болуға, әсіресе бұрылыстардан өту кезінде жылдамдық режимін сақтап, көлік құралын басқару кезінде барынша сақ болуға шақырады.