Алматы облысында полицейлер әйел мен бала отырған көлікті соққан

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысында полицейлер әйел мен бала отырған көлікті соққан
скриншот

Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікке соғылды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патрульдік көліктің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны арт жағынан соққаны көруге болады. 

Кейін оның ішінен баласын көтерген әйел шықты.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған.

«Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан ешкім зардап шекккен жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апатқа кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.