399
Атырау облысының шекарасы өзгертіледі
Бұл туралы Премьер-министрдің қаулы жобасында айтылады.
Атырау облысының шекарасы өзгертілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің қаулы жобасында айтылады.
«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3 954 015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.
Түсіндірме жазбада облыстың шекарасын өзгерту мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайтыны нақтыланады.