Аягөздегі әскери-ғылыми конференция

Аягөз гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстанның Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Аягөздегі әскери-ғылыми конференция
457

Онда қазіргі заманғы қарулы қақты­ғыс­тар­дың тәжірибесін ескере отырып, әскер­лер­ді даярлау тәсілдерін жетілдіру мәселелері қа­ралды және 2024 оқу жылының қысқы ке­зеңіндегі әскери басқару органдары мен әскерлер қызметінің қорытындысы шы­ға­рыл­ды. 
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің құ­ры­лымдық бөлімшелерінің, Бас штабтың, жо­ғары әскери оқу орындарының басшы­лары, Қарулы Күштер бас қолбасшылары, өңір­лік және әскери бөлімдердің қолбас­шы­лары қатысты.
Жиында жедел далалық іс-шаралардың қо­рытындысы туралы баяндамалар тың­да­лып, қорғаныс ведомствосы қызметінің ба­сым бағыттарын іске асыру бойынша бір­қатар міндеттер қойылды. Сондай-ақ жедел-әдістемелік жиын аясында әскери-ғы­лыми конференция өтті. Онда қазіргі за­манғы қарулы қақтығыстардың негізгі тен­денциялары, ақпараттық күрес әдістері, құра­малар мен бөлімдерді басқару пункт­те­рінің байланыс құралдарын қолдану ерек­ше­ліктері туралы баяндамалар тыңдалды. Қа­тысушылардың назарына ұшқышсыз бас­қарылатын авиация жүйелерін жарақ­тан­дырудың қазіргі жағдайы мен перс­пе­к­тивалары тақырыбы ұсынылды. Оған қоса со­ғыстар мен қарулы қақтығыстар тә­жі­ри­бесі бойынша аумақтық қорғаныс күш­­терін қол­дану ерекшеліктері қарас­ты­рыл­ды. 
«Майлин» оқу-жаттығу полигонында жиын­ға қатысушыларға арнайы көрнекі са­бақтар өткізілді. Оның барысында бронь­ды нысандарды жою, қарсыластың ұш­қыш­сыз басқарылатын құрылғыларына қарсы тұру және марш кезінде мина-жарыл­ғыш кедергілерді еңсеру тәсілдері зерделенді. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің қа­зіргі жағдайлары да ескерілді, тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау әдістемесі қарастырылды. Тұрақты орналасу пункт­те­рінде, позицияларда және басқару пунктте­рін­де ұшқышсыз басқарылатын құрылғы­лар­ға қарсы іс-қимыл жасау кезінде тегіс ұңғылы қаруды пайдаланудың жауынгерлік мүм­кіндіктері зерттелді.  
Практикалық сабақта офицерлер шо­ғыр­ланған жерде жедел бірлестіктің коман­да­лық пункттерін орналастыру мәселелерін де пысықтады. 

А.БИМЕНДИЕВА
 

Серіктес жаңалықтары