Мерей Мәулітханов Азия чемпионатында алтын алды

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.

Мерей Мәулітханов Азия чемпионатында алтын алды
Olympic.kz
407

Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды.

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті. 

Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.

Серіктес жаңалықтары