Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде жазды.

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды
gov.kz
387

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде жазды.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», - деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Кәрім Мәсімов наурыз айында Президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдағаы жайлы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары