БҚО-да полиция ғимаратында оқ жарақатын алған қызметкер көз жұмды

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы науқастың 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болғанын хабарлады.

БҚО-да полиция ғимаратында оқ жарақатын алған қызметкер көз жұмды
istockphoto.com

БҚО полиция департаментінің бақылау-өткізу пункті ғимаратында өз-өзін абайсызда атып жіберген тәртіп сақшысы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Басына қызметтік қарудан оқ атқан полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалды.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы облыстық көпсалалы ауруханаға 2003 жылы туған ер адамды жеткізді. Науқас шұғыл операцияға жіберіліп, өте ауыр жағдайда реанимацияда жатты.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы науқастың 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болғанын хабарлады.

«БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өзін өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да полиция қызметкері өз-өзін байқаусызда атып жіберген жайлы хабарлаған болатынбыз.