Күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерді ұрған әйел сотталды

Әйел мұндай әрекетті мас күйінде жасаған.

Күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерді ұрған әйел сотталды
Сурет: www.istockphoto.com
532

Өскемен қаласында күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген әйел адам 4 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлады turkystan.kz порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық танытып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

«Әйел адам полицейлердің бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсына жұдырық сілтеген. Мас күйде болған әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерлеріне балағат сөздер де айтқан», - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары