Германияда қаза тапқан экс-судьяның мәйіті Қазақстанға жеткізіледі

Айгүл Сайлыбаеваның мәйітін Қазақстанға алып кетуге рұқсат берілді.

Германияда қаза тапқан экс-судьяның мәйіті Қазақстанға жеткізіледі
Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан
444

Германияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Айгүл Сайлыбаеваның мәйітін Қазақстанға алып кетуге рұқсат берілді. Онымен қазір марқұмның анасы мен інісі айналысып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, сүйегін әкелсе, туыстары жұма немесе сенбіде Айгүлдің жаназасын өткізіп, жер қойнына табыстайды.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Сарыарқа аудандық сотында судья болып қызмет еткен 40 жастағы қазақстандық әйел 4 маусым күні Бенсхайм қаласында жоғалып кетіп, мәйіті 12 күннен кейін ғана қала шетіндегі көл жағасынан табылған.

Неміс тергеушілері марқұмның беті, мойны мен қолында пышақ жарақаты бар екенін айтты. Бұл іс бойынша әлі күнге дейін күдікті жоқ. Айгүлмен бір уақытта оның енесі де жоғалып кеткен. Ол әлі табылмады.

Серіктес жаңалықтары