737
Бишімбаевтың апелляциялық шағымы: Сот алқасы шешім шығарды
Үкім өзгеріссіз қалды.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық сотында бірінші инстанциядағы үкім өзгеріссіз қалды.
Апелляциялық шағымда Бишімбаевтың ісін судьялар Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұханова кірген сот алқасы қарады.
Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева оқыды.
«Сот алқасы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», - деді судья.