Күйгелектік паркинсон дертіне шалдығу қаупін арттырады – зерттеу

UCL зерттеушілері мазасыздықтың паркинсон ауруының даму қаупіне қалай әсер ететінін анықтау үшін 2008 жылдан 2018 жылға дейін 50 жастан асқан 988 000-ға жуық пациенттің деректерін зерделеген.

Күйгелектік паркинсон дертіне шалдығу қаупін арттырады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
428

Ұлыбританияда жүргізілген жаңа ауқымды зерттеуге сәйкес, күйгелек адамдарда паркинсон ауруының даму қаупі сабырлы адамдармен салыстырғанда екі есе жоғары. Бұл туралы euronews.com жазды.

UCL зерттеушілері мазасыздықтың паркинсон ауруының даму қаупіне қалай әсер ететінін анықтау үшін 2008 жылдан 2018 жылға дейін 50 жастан асқан 988 000-ға жуық пациенттің деректерін зерделеген, сонымен бірге жас, жыныс, әлеуметтік оқшаулану, ауыр психикалық аурулар, деменция, бас жарақаты және өмір салты сияқты басқа да белгілі факторларды ескерді.

Олар мазасыздық диагнозы қойылған егде жастағы адамдарда паркинсон ауруының даму ықтималдығы екі есе жоғары екенін анықтады, бұл бұл нейродегенеративті аурудың ерте ескерту белгісі болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары