Министрлік Айдос Садықовты атып кеткен күдіктілерге қатысты түсінік берді

М. Қожаев күдікті Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласқанын мәлімдеді.

Министрлік Айдос Садықовты атып кеткен күдіктілерге қатысты түсінік берді
Turkystan.kz
6072

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Украинада Айдос Садықовты атты деген күдікпен ұсталған А. Жақанбаевқа қатысты түсінік берді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер ІІМ өкілінен «күдікті Жақанбаев тергеу органдарына өзі берілді ме?» деп сұрады.

М. Қожаев күдікті Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласқанын мәлімдеді.

«Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар осы іспен айналысып отыр. Ішкі істер министрлігі қазір жедел іздестіру қызметімен айналысып жатыр», — деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар ол екінші күдікті Мейрам Қаратаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

Еске салсақ, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

Украина прокуратурасы екі күдіктінің сол күні-ақ шекараны кесіп өтіп, елден кетіп қалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары