Түркістан облысында жұмысшы көлікте тірідей жанып кетті

Марқұм Қуаныш Сербаев 44 жаста болған.

Түркістан облысында жұмысшы көлікте тірідей жанып кетті
otyrar.kz
505

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ақбастау ауылында жүк көлігінде жүргізушісі көлігінде өртеніп кетті, деп жазады turkystan.kz сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм Қуаныш Сербаев 44 жаста болған. 11 маусым күні жүк тиеп келе жатып, кенеттен көлігі жол бойында аударылып кеткен. Апатқа ұшыраған көлік өртене бастаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жарты сағатта жеткенімен жүргізушіні аман алып қалу мүмкін болмапты.

«Түс қайта баламның ажал құшқанын айтып інілерім келді. Баламның денесін сол күйі көре алмадым. Сүйегі ғана қалған екен. Бетін ашпаған күйде жерледік», – дейді марқұмның әкесі.

Анасы ұлының сол күні жұмысқа ерекше қуанып кеткенін айтады. Себебі сол күні Алматыға қатерлі ісікке емделуге кеткен әйелінен жақсы хабар келген екен.

Анасы ұлының рөлде отырып қателік жіберетініне сенбейтінін, қателік жұмыс берушілерден кетті ме күдіктенетенін айтты.

«Ұлым ес білгелі көлік тізгінінде. Машинаны жақсы білгені сонша оны шашып, жинай алады. Өз ісіне өте тиянақты. Сондай ұлымның рөлде отырып қателік жіберетініне сенбеймін. Қателік жұмыс берушілерден кетті деп күдіктенемін. Қанша дегенімен Қытайдың көлігі. Өзі үнемі жөндейтін де жататын», – дейді Қарлығаш Сербаева.

Марқұмның артында мектеп жасындағы екі қызы мен қатерлі ісікке шалдыққан әйелі қалды. Марқұмның жесірі қазір Алматыда емделіп жүр екен.

Компания басшылығы техниканы түгелдей тексерістен өткізгендерін айтады. Ал марқұмның отбасына өтемақы беріліп-берілмейтіні сараптамадан соң белгілі болмақ.

«Қуаныш аға өз ісіне тиянақты кісі болған. Жұмысқа жауапкершілікті. Өте ұқыпты кісі. Жағдайға кімнің кінәлі екенін енді сараптама анықтар. Қалай болғанын білмеймін. Жауап бере алмаймын сөздің ашығы», – дейді компания басшысы Мақсат Айтқұл.

Серіктес жаңалықтары