сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Балқаш көлінде 4 балықшыны ағыс алып кетті

/
istockphoto.com
Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды.

Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.

«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Бөлісу: