674
«Тұрсынды 6 жыл асырадым»: Баян Алагөзова дымсыз қалған күйеуін баққанын айтты
Бұл туралы продюсер кезекті сұхбатында айтқан.
Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен ажырасқан соң барлық дүние-мүлкінен айрылған, деп хабарлады turkystan.kz порталы jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тұрысын мені сүйіп, бұрынғы әйелімен ажырасқаны үшін 47 жасында дымсыз қалды. Ешқандай табыс көзі қалмады. Әйелімен ажырасқан соң дүние мүлікті бөлу бойынша сот процесі ұзаққа созылды. Компаниясының 50% үлесін бергенімен, экс -әйелі қалған 50% үшін соттасты. Нәтижесінде Тұрсын дымсыз қалды», -деді продюсер.
Баян Мақсатқызының айтуынша, 6 жыл бойы Тұрсын Алагөзов продюсердің табысына жан баққан.