"ХАМАС-ты толық жойғанша соғысты жалғастырамын": Израиль премьер-министрі тек уақытша бітімге келісетінін айтты

Тұтқындардың туыстарының қауымдастығы Нетаньяхуды АҚШ-тың делдалдығымен жасалған жаңа келісімді іс жүзінде қабылдамады және тұтқындағы израильдіктерді тағдыр тәлкегіне қалдырды деп айыптады.

"ХАМАС-ты толық жойғанша соғысты жалғастырамын": Израиль премьер-министрі тек уақытша бітімге келісетінін айтты
Сурет: Abir Sultan / Flash 90
961

Израиль премьер-министрі тек тұтқындарды босатып алу үшін уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол елдегі ұлттық телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан

Израиль ХАМАС тобын толық жоюға дейін соғысты жалғастырады, бірақ тұтқындарды босату үшін уақытша әскери әрекеттерді тоқтатуға дайын. Бұл туралы Израиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяху ұлттық телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Тұтқындардың туыстарының қауымдастығы Нетаньяхуды АҚШ-тың делдалдығымен жасалған жаңа келісімді іс жүзінде қабылдамады және тұтқындағы израильдіктерді тағдыр тәлкегіне қалдырды деп айыптады.

Премьер-министрдің кеңсесі ХАМАС-тың жаңа талаптар қойып, қазіргі келісімге қарсы екенін мәлімдеді. Бұған дейін америкалық дипломаттар келіспеушіліктерді жою бойынша жұмыс толық қарқынмен жүріп жатқанын атап өткен болатын. ХАМАС өкілдері алдымен израильдік әскерлердің Газа секторынан шығуын талап етіп, тек содан кейін ғана тұтқындарды босату туралы сөйлесуге болатынын айтты.

Бұған дейін БАҚ Израиль әскери күштеріне сілтеме жасап, Хезболлах тобының позицияларына шабуыл жоспарының дайын екендігін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары