778
Әнші Әміре ауруханаға түсіп қалды
Өнер иесі қызылордалықтардан кешірім сұрады.
Әміре лақап атымен танымал әнші ауруханадан видео жариялап, қызылордалықтардан кешірім сұрады.
Сырқаттанып қалған өнер иесі Қызылорда қаласында болатын мектеп түлектерінің кешіне бару тиіс болған.
«Достар, мен ауруханаға түсіп қалдым. Қалай түскенім ұзақ әңгіме. Ертең кешке Қызылорда қаласында бір мектептің кешіне баруым керек еді, бірақ, енді жағдайыма байланысты шараға бара алмаймын. Сол себепті, мектеп ұжымынан кешірім сұраймын. Бәріңізге зор денсаулық тілеймін», - деді әнші.