Белгілі дизайнер 13 жасында ата-анасына қалай үй алып бергенін айтты

Дизайнер 10 жасынан бастап биге әуестенген. Кейін осы қабілеті арқылы табыс тауып, зәулім үй алған.

Белгілі дизайнер 13 жасында ата-анасына қалай үй алып бергенін айтты
YouTube/cкриншот
682

Jado лақап атымен танымал дизайнер Жадыра Сахиева 13 жасында ата-анасына қалай үй алып бергенін айтып берді.

Оның сөзінше, ол осыдан 29 жыл бұрын әке-шешесімен екі бөлмелі сарайда тұрған. 

Дизайнер 10 жасынан бастап биге әуестенген. Кейін осы қабілеті арқылы табыс тауып, зәулім үй алған.

«1995 жылдары өте қиын заман болатын. Біз ол кезде әке-шешемізбен екі бөлмелі сарайда тұратынбыз. 10 жасымнан билей бастадым. Туыстарым маған сенген жоқ. «Биге бермеңдер» деген сөз өте көп болды. Билеп жүргенде ата-аналардан «мына томпақ қыз пысық екен ғой, біздің де балаларымызға үйретсінші»деген ұсыныс келді. Он балаға үйретіп бастадым. Сол бүлдіршіндер жаңа жылда 1-орын алды. Бәрі таңғалып, «мынау қандай керемет» дей бастады. Алты айдан кейін менде 100 бала болды, бір жылдан кейін олардың саны 300-ге жетті. Мен биден сабақ беретінмін. Ал анам ата-аналармен жұмыс істеп, концерттерге шығу мәселесін шешіп, көмектесіп жүрді. Солай үш жылда 700 оқушы болды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары