«Енді полиция тоқтатпайтын болды»: Төреғали Төреәлі тәртіп сақшыларына ән арнады (ВИДЕО)
Жаңа туынды ҚР Полиция қызметкерлерінің күніне орай жарық көрді.
Әнші Төреғали Төреәлінің «Қазақ полициясы» аталатын жаңа әнінің бейнебаяны шықты, деп жазды turkystan.kz.
«Қазақ полициясы» - ақын Қайнар Алагөзовтың сөзіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Әдемі ән үшін рахмет, бауырларым! Бейнебаянға атсалысқан барша достарыма алғысым шексіз! Қолдау көрсеткен ҚР ІІМ және Алматы қаласының полиция департаменті! Мейрам құтты болсын! Аман болыңыздар! Әннің толық нұсқасын біздің YouTube каналымыздан тыңдай аласыздар! Бағасын беріп, пікірлеріңізді қалдырып кетіңіздер!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары «Ұлы дала баласының» тәртіп бұзып, бірнеше рет полицейлердің қолына түскенін еске салды. Ал кейбір оқырмандар әннің көңілден шыққанын айтты.
«Баяғыда бәрі жабылып, сізді ұстап, әйеліңізді қорқытқан полицейлер ұялсын», «Енді полиция тоқтатпайтын болды», «Таспен атқанды, аспен ат», «Көп рахмет! Жолдасым полиция қызметкері еді. Бізге арнап ән жазыпты деп қуанып жатыр», «Енді көлік жүргізу куәлігіңді қайтарып берер», «Жасасын қазақ полициясы» деп жазды желі қолданушылары.