Батыс Қазақстанда кәсіпорыннан төленбеген 77 млн теңге салық өндірілді

/
Батыс Қазақстанда кәсіпорыннан төленбеген 77 млн теңге салық өндірілді
istockphoto.com

БҚО Тасқала ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау электрондық шот-фактуралар деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру нәтижесінде «J» ЖШС тарапынан қосылған құн салығы сомасын төмендету фактісін анықтады.

Бұл ретте уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге көлемінде міндетті салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары