Павлодарда монша кешенінің қазандығында жарылыс болды (ВИДЕО)

Қазандықта отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.

Павлодарда монша кешенінің қазандығында жарылыс болды (ВИДЕО)
Скриншот
305

Жарылыстан қазандық қабырғалары құлаған. Кірпіш қалдықтары моншаға жақын жердегі тұраққа қойылған бірнеше автокөлікті зақымдаған.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс бүгін кешкісін болған. Қазандықта отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.

«19 маусым күні сағат 19.39-да Павлодар қаласындағы монша-кір жуу кешенінің аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында жарылыс болды. Бу қазандығында саңылау пайда болып, салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындаған. Оның әсерінен ғимараттың жалпы аумағы 20 шаршы метр қабырғасы құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді департаменттен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 4 құтқарушы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары