Бұршақ жауып, дауыл тұрады: 20 маусымға арналған ауа райы

20 маусымда еліміздің батысында, шығысында, орталығында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Бұршақ жауып, дауыл тұрады: 20 маусымға арналған ауа райы
Pixabay
413

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елдің қалған бөлігінде күн әлі де құбылмалы, атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауып, оңтүстігінде дауыл тұрады. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады, Ұлытау, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысыныңсолтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында,Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісі облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары