«Уағыз тыңдатып басып тастайтын»: «Меломен» әншісінің экс-әйелі ажырасу себебін мәлім етті
Оның айтуынша, екеуінің түсінігі екі түрлі болған.
«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген By production youtube-арнасына берген сұхбатында не үшін ажырасқанын айтып берді.
«Мен Роза Әшірбаева ханымның курсынан өткеннен кейін, өз ойларыммен арпалысып кеттім. Іштей ажырасуға бекініп жүрдім. Ғабит психологқа өзі барып жүрді. Бір күні «бірге барамыз» деді. Сол кезде Ислам шеңберінде түсіндіріп, Ғабитке қарап тұрып: «Әйелің меншігің емес» деді. Көзімнің оты жарқ етті. Күйеуіме бірінші рет бір кісі солай айтып тұр. Оған дейін ол мені дінді айтып, уағыз тыңдатып басып тастайтын. Былайша айтқанда, түсінігіміз екі түрлі болды. Сол ойдың жетегінде жүріп, ажырасып тындық. Ол жақтың туысқандары ештеңе деген жоқ. Әу бастан ата-анама ешқандай проблемамды айтпағанмын. Солай бәрі шешілді», – дейді Нұрила Ақберен.