482
«Құран оқитын жерге де, тойға да мобилограф келеді»: «Құрмет» орденінің иегері әншілерге шүйлікті
Әнші Алтынай Жорабаева мобилографпен жүретін әріптестерін сынға алды.
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жиын-тойға мобилографпен баратын азаматтардың ісін ерсі санайды, деп жазды turkystan.kz.
“Осы мобилографпен жүретін жандар, шектен шықпаңыздаршы, өтініш! Құран оқитын жерге де, тойға да мобилограф келеді. Қонаққа барған сәтіңнен бастап, сыйлық бергеніңе дейін түсіреді. Жаман көрінеді екен, рас айтам. Инстаграмға салып, халыққа көрсеткенде білінбейді. Бірақ сіздер солай мобилографпен кіріп келгенде, сырттан жаман көрінеді. Тек келгеніңді көрсету үшін сияқты болып қалады. Тіпті, арнайы блогердің іс-шарасы болса да, мейлі. Жарайды, жұмысыңыз бен өнеріңізді жасаңыз. Бірақ шектен шықпауы керек. Артық айтсам, кешірім сұраймын”, – деп жазды өнер иесі.