«Жуырда күллі әлемге «Қазақ стилін» көрсетемін» – Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібектің келесі қарсыласы өзі секілді жеңіліп көрмеген.

«Жуырда күллі әлемге «Қазақ стилін» көрсетемін» – Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлының X-тегі (бұрынғы Twitter) жеке парақшасынан алынды

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) маңызды кездесу алдында X-тегі (бұрынғы Twitter) жеке парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мен қазір нағыз бабымдамын. Кез келген чемпионды сұлатып түсіремін. 13 шілде күні күллі әлемге «Қазақ стилін» көрсетемін», – дейді Жәнібек.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы – жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Олардың жекпе-жегі 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Жәнібек секілді жеңіліп көрмеген Михайлович WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Әзірше екі белбеу Жәнібектің қоржынында.