Атырауда әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды

Күдіктінің Ақтау қаласына барғаны анықталған.

Атырауда әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды
Скриншот
1081

Атырауда азаматтық некеде тұрғын бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласынан ұсталды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің Ақтау қаласына барғаны анықталған.

«Полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінде 1991 жылғы әйелді өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласына кетіп қалғаны анықталды. Күдікті ұсталды. Оның жасы – 29-да. Қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары