672
«Тамағын тілген»: Желіде павлодарлық ер адамның аулада кісі өлтірген видеосы тарады
Павлодарда орта жастағы ер адам басқа ер адамды қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқауға болады.
Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.
«Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.