Үш айлық баланың миы шайқалған: Жаңаөзенде жолға шауып шыққан жылқы көлікпен соқтығысты (ВИДЕО)

Зардап шеккен отбасы жылқының иесін тауып, жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

575

Жаңаөзенде жолға шауып шыққан жылқы көлікпен соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға "Рахат-4" ықшам ауданында түнгі уақытта болған. Апат кезінде көлікте ерлі-зайыпты мен олардың үш айлық баласы болған. Зардап шеккен отбасы жылқының иесін тауып, жауапқа тартуды талап етіп жатыр. 

Әйелдің айтуынша, олар аз жылдамдықпен келе жатқан. Кенет жолға шауып шыққан жылқы көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан үш айлық баланың миы шайқалған және басына қан құйылған. Ал көлікті тізгіндеген ер адамның маңдайы сырылып, мұрны сынған. Ал әйелдің қасы жыртылған, қазір ол бір көзін аша алмайды.

Маңғыстау облысының полиция басқармасы бұл іс бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

 

Суреттер: Lada.kz

Серіктес жаңалықтары