Қажылыққа барған 6 адам қаза тапты

Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың мәйітін елге жеткізу бойынша жұмыстарды бастады

Қажылыққа барған 6 адам қаза тапты
istockphoto.com
608

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында 48 градусқа дейін ыстық болып жатыр. Күннің ыстығынан қасиетті мекенге парызын өтеуге барған 6 адам көз жұмды, деп жазады turkystan.kz.

Egemen.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған азаматтардың барлығы да Иордания азаматтары екені анықталды. Қаза болғандардың туыстары мәліметті растаған.

Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың мәйітін елге жеткізу бойынша жұмыстарды бастады.

Серіктес жаңалықтары