Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы бірнеше рет зорлаған

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы бірнеше рет зорлаған
otyrar.kz
335

Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 19 жастағы қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген.

Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған.

Соттың қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтары, сотталушының соталды тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады, - деді Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі өкілдері.

Сот И-ді ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары