Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде тұман, жаңбыр, найзағай және секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі.

Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болжанады. Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Сонымен қатар Жетісу, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және басқа да облыстарда жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Тараз, Алматы, Қонаев және Атырау қалаларында да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен өрт қаупі болжанып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар