Петропавлда суға кеткен бала табылмай жатыр

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр

Петропавлда суға кеткен бала табылмай жатыр
ШҚО ТЖД
420

Петропавлда Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен 10 жасар бала табылмай жатыр, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтері Алена Писаренконың айтуынша, 10 жасар бала 14 маусым күні сағат 15.00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен. Бала достарымен шомылуға барған екен.

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр.

«Барлық волонтерлерді, еріктілерді көмекке шақырамыз. Қайықтарыңызды ала келсеңіздер. Өздеріңізбен бірге резеңке етік, қол шам болғаны дұрыс, өйткені өзен жағасын шолып өту қажет», - деді Алена Писаренко.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы іздеуге жеке құрамнан 13 адам – сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылған.

«Есіл өзенінде іздестіріп жатырмыз. Волонтерлер де, полиция да осы жерде. Әзірге нәтиже жоқ», - деп жауап берді ведомствоның баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Серіктес жаңалықтары